Семейдегі қоғамдық көліктерде хәкім Абайдың нақыл сөздері пайда болды, деп хабарлайды бай облыстық әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, автобус ішіне кітап сөрелері орналастырылды. Сөреде «Осы кітаптар Сізге арналған», «Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!» деген нұсқаулық бар. Жолаушылар сөредегі кітапты сапар барысында ғана оқи алады. Оны өзімен бірге алып кетуге болмайды. Тек өзге жолаушыға табыстауға немесе сөреге қайта қоюға болады.
«Даналық ізімен» акциясы аясында қолға алынған шараның мақсаты тұрғындарды даналыққа баулу, білімге шақыру, кітап оқуға деген махаббатын ояту», - дейді Абай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айдар Ибраев.
Оның айтуынша, игі бастама қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, қала тұрғындарына да өз пайдасын тигізіп, рухани байлығын арттыра түспек.
Айта кету керек, бүгінге дейін 6 автобус безендіріліп, 60 кітап жиналған. Алдағы уақытта автобустар мен кітаптарды көбейту жоспарланып отырған көрінеді.
Фото spectr.com.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через