фото: https://sputnik.kz
Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында тұрғын үй өртеніп кетті. Оқиға 20 қаңтарда сағат 13.36-да болған. Қатты отынмен жылыйтын пештің жанында тұрған көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылған.
Жетісу облысында пештің жанында тұрған газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Отбасындағы 4 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Өрттен зардап шеккендердің бірі – 4 жасар бала.
Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері екі техниканың көмегімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.
"Жарылысқа пештің жанында тұрған газ баллоны себеп болған. Отты жаққанда баллон қатты қызып, жарылған. Газ баллондарды пештің жанына қоюға болмайды, басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы үйді жылытуға болмайтынын ескертеміз", - дейді өрт сөндірушілер.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через