фото: olympic.kz
Түркістан облысының Жетісай ауданында тұңғыш рет садақ ату кешені ашылды. Мұнда 100-ге жуық үміткер ұлттық спорт түрімен тегін айналысады.
Қазақы жауынгерлік өнеріміз бен дәстүрімізді жаңғыртып, рухымызды оятатын, өскелең ұрпаққа садақ атуды үйрететін кешеннің маңыздылығына тоқталып, жаңа спорттық нысанның ашылуына атсалысқан №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаевқа алғысын айтқан ел ағалары нысанның лентасын салтанатты түрде қиды.
Айта кетейік, мергендік сыналатын спорттың бір түрі саналатын садақ ату бұрыннан жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. сссссссссссссссс– осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет ететін аталмыш спорт түрімен бүгінде әлемнің 140 елінде спортшылар айналысады.
Ал біздің елімізде садақ ату спорты 1967 жылдан бастап дамыса, 2021 жылдан бері дәстүрлі спорт түрлерінің тізіміне енген.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото olympic.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через