Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев:
Автонесие шарттары бекітілді. Тек бекітілгеннен кейін заң бойынша 10 күн тіркеуден өтуі керек. Құжаттар толығымен 15 сәуірде бекітілген, тиісінше Экология министрлігі де құжаттарды 24 сәуірде мақұлдаған. Бірақ тіркеуден өту секілді рәсімдер шамамен 10 күнге созылады
Қаражат 6-шы мамырға дейін Өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады.
Сонымен бірге, Экология, геология және су ресурстары министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымның сомасын азайту бұйрығы қашан күшіне енетінін айтты.
«Бұл бұйрық бүкіл мемлекеттік органдармен келісілді және Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді. Әділет министрлігінен шыққан соң белгілі болады», - деді Серікқали Брекешев.
Утиль алымын 50 пайызға дейін төмендету бұйрығы 11 мамырда күшіне енеді.
Фото: mediasystem.livejournal.com, 365info.kz сайттарынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через