фото: Baq.kz
Ж.Айтжан Қазақстанның ИСО-мен ынтымақтастықта жүргізіп жатқан жұмысына назар аударды. Атап айтқанда, Ұйымның халықаралық стандарттары негізінде Қазақстанда 3000-ға жуық ұлттық стандарттар қабылданды, сондай-ақ ҚР сарапшылары ИСО-ның 140-тан астам халықаралық техникалық комитеттерінің жұмысына белсенді қатысады.
Сонымен бірге ҚР Тұрақты өкілі еліміздің сарапшылары әзірлеген халықаралық стандарттар жобаларын ілгерілету мақсатында техникалық реттеу саласындағы тиісті қазақстандық ведомстволардың өкілдері үшін ИСО Техникалық көмек бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда арнайы оқытуды ұйымдастыруды ұсынды.
С.Мухико өз сөзінде ИСО мүшесі ретінде Қазақстан өз экономикасының мүдделерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды әзірлеуге және тұтастай алғанда халықаралық стандарттауды дамытуға белсенді қатысатынын атап өтті.
ИСО Бас хатшысы сондай-ақ ұлттық заңнаманы және мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттарды әзірлеу саласындағы Ұйымның қызметімен, сондай-ақ кең ауқымды оқыту және техникалық көмек бағдарламалары арқылы мүше елдердің кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі ИСО жұмысымен таныстырды.
Әңгімелесушілер Қазақстан мен ИСО арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйіне, 2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында Брисбен қаласында (Аустралия) Ұйымның жыл сайынғы жиналысына, ИСО Кеңесі мен Техникалық басқарушы бюросының қызметіне және т.б. қатысты пікір алмасты.
Жалпы, ИСО-ға 168 ел мүше. Ұйым стандарттары бүкіл әлемде және технологиялар мен бизнестің барлық аспектілеріне қолданылады. ИСО портфелінде бүгінде экономиканың барлық салаларын қамтитын 24 000-нан астам стандарт бар. Бұл ретте, Ұйым құрамына 250 техникалық комитет және 510-ға жуық кіші комитет кіреді.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через