фото: Aikyn.kz
Отандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың АҚШ-та қай күні жұдырықтасатыны белгілі болды.
Оның осы айдың соңына жоспарланған жекпе-жегі өткізілмей қалған еді. Боксшы 22 шілдеде Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында бокс кешінде рингке шығуы тиіс болатын, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмейтін болды. BoxRec.com ақпаратынша, Айдынның ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерс қаласында өтеді. Оның қарсыласы – бұрын-соңды жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Энди Бельтран. Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады.
Естеріңізге салсақ, А.Елжановтың бұған дейінгі соңғы жекпе-жегі 1 сәуір күні Лонг-Бичте өткен болатын. Онда төрешілердің шешімімен ол мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең түскен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через