Зейнеткерлер автокөлік жүргізбесін

Зейнеткерлер автокөлік жүргізбесін

Адамның жасы ұлғайған сайын көлік жүргізу қиынға соғатын көрінеді.  Мұны қалай аңғаруға болады? Сенімсіздік, сақтық шараларына аса мән беру, өзге көлік жүргізушілеріне көңіл толмау, көлікті абайсызда соғып алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу, тағысын тағылар. Осындай жағымсыз әдеттер ересек адамдардың бойында жиі байқалады екен.  

Немістің Senioren Ratgeber  медициналық  журналы егде адамдар көлік басқарғанда не нәрсеге мән беру керек екені  жөнінде бірнеше кеңесін ұсынады.

Егер өзіңізге аса сенбегендіктен автокөлікті көп жүргізбесеңіз, онда  тәжірибеңіз де азая береді. Мұндай жағдайда жол-көлік апатына ұшырау қаупі де арта түседі.  

Дәрігердің нұсқауынсыз берілетін дәрілер, аллергияға,  жөтелге қарсы қолданылатын дәрілер көлік жүргізу дағдыңызды төмендетеді.     

Сондықтан сарапшылар дәріні қабылдамас бұрын оның нұсқаулығымен жіті танысу керек екенін есертеді.

 Егер сіз бір мезгілде бірнеше дәрі қабылдап жүрсеңіз, онда міндетті түрде маманның кеңесіне жүгінген жөн. Өйткені, олардың қосалқы әсері көлік басқаруды  қиындата түседі.   

Дәріні ұзақ уақыт ішетіндер алкогольді ішімдіктерден бас тартуы керек. Себебі дәрі мен алкоголь қатар қолданылғанда сырқаттың жағдайын онан сайын асқындырып жібереді.  

Әрине, темір тұлпарды тізгіндеу немес одан бас тарту әрбір азаматтың жеке шаруасы. Дегенмен, жауапкершілікті бір сәт естен шығармаған абзал.

Фото: drivenn.ru