Зейнетақы қорынан алған қаражатқа қандай тұрғын үй алуға болады?

Зейнетақы қорынан алған қаражатқа қандай тұрғын үй алуға болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысын мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті ең төменгі қаражат мөлшерін атады.

Зейнетақы қорынан алған қаражатқа қандай тұрғын үй алуға болады?

  • жер учаскесін сатып алуға;

  • қайталама нарықтан үй алуға;

  • ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);

  • тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейтуге жұмсауға болады.

Зейнетақы қорынан алған қаражатты емделуге жұмсаудың тәртібі қандай?

Осы мәселені қадағалау мақсатында денсаулық сақтау басқармалары жанынан арнайы комиссиялар құрылады деп болжанып отыр. Олар ем-дом қажеттілігін айқындайды. Азаматтар емделетін клиниканы таңдаған соң, өзінің өтінішін уәкілетті операторға тапсырады. Ал, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті операторды алдағы уақытта Үкімет белгілейді. Жалпы, зейнетақы жинағын емделуге жарату тәртібін, қағидаларын Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды.

Зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігі басқа қаржылық компанияларға қалай ауыстырылады?

Салымшы өзінің БЖЗҚ-дағы зейнетақы қорын басқару үшін басқа қаржылық компанияларға ауыстыру үшін зейнетақы қорына өтініш беруі тиіс. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайды.