Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті

Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті
фото: Baq.kz

     Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында бір «алтын», жеті «күміс,» сегіз «қола» медаль бар.

 

     Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбанов «күміс» жүлдегер атанды.

     5 тамызда спорттық гимнастикадан ел құрамасы қоржынына екі күміс медаль түсті.

     Алдымен Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.

     Бірінші орын Кае Кадзумеге бұйырса (14.333), үшінші орынды юоңтүстіккеорялық Рю Сонхён (13.900) алды.

     Тағы бір күміс медальге Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.

     Бірінші орынды Қытайлық Тайбэйден келген Ли Чин-кай алса, үшінші орынға сол елдің өкілі Шяо Ю Цзян (14.933) қол жеткізді.

     Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында бір «алтын», жеті «күміс,» сегіз «қола» медаль бар.

     SN.KZ