фото: rsloboda-rt.ru
Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар адам күніне неғұрлым көп қадам жасаса, қан қысымы соғұрлым төмендейді деген қорытындыға келді. Серуендеу гипертониялық науқастар үшін де пайдалы.
MedikForum.ru сайтының хабарлауынша, мамандар гипертониялық аурумен ауыратын 638 адамның дерегіне талдау жасаған. Зерттеуге қатысқан еріктілер күнделікті жасаған қадамдарының санын өлшеген. Дәрігерлер мынадай қорытындыға келді: күнделікті жасалған әрбір мың қадам гипертония кезіндегі қан қысымын 0,45 баллға төмендетеді. Сондықтан өз денсаулығын ойлаған адам күні бойы кем дегенде 7,5 мың қадам жасауға тырысу керек.
Дәрігерлер бізге жаяу жүрудің қандай пайдасы бар екенін айтады. Жаяу жүру - өзіңізді бір қалыпта ұстаудың қарапайым жолы. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал жаяу жүрудің ешқандай зияны жоқ. Керісінше оның адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп.
1. Салмағыңызды бір қалыпта ұстауға көмектеседі
Аустралиялық ғалымдар 2013 жылы зерттеу жұмысын жүргізді. Олар 822 адамның салмағын өлшеп, әр қатысушының 4 жылдың ішінде 1 килограмм 400 грамм қосқанын анықтады. Жұмысқа көлікпен барғандардан, жаяу барған адамдардың салмағы 900 граммға кем екені мәлім болды.
2. Қаныңыздағы қант мөлшерін реттейді
Жаяу жүрудің арқасында қаныңыздағы қант мөлшерін реттеуге болады. Diabetes Care журанлында жарияланған ғалымдардың зерттеуі бойынша, тамақтан кейінгі 15 минуттық серуен қандағы қант мөлшерін реттеуге көмектеседі.
3. Көңіл-күйіңізді көтереді
Америкалық психолог Роберт Тайер "10 минут жаяу жүрсеңіз, 2 сағат көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді", - дейді.
4. Есте сақтау қабілетіңізді арттырады
Аптасына 3 рет 40 минуттан жаяу жүретін жандардың есте сақтау қабілеті 2%-ға жақсарады.
5. Жаяу жүру жүрек ауруларының алдын алады
Күніне кем дегенде 15 минут жаяу жүрген адам жүрек ауруларының алдын алады.
6. Қатерлі ісіктің кейбір түрінен сақтайды
Жаяу жүру зат алмасу процесін жақсартып, иммунитетіңізді көтереді. Америкалық онкологиялық орталық күніне 1 сағат жаяу жүрген әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресуге қауқары бар екенін айтады.
7. Жаяу жүру - тегін әрі пайдалы
Жаяу жүру үшін тек ыңғайлы аяқ киім мен ынта болса болды.
Жаяу жүру арқылы арықтағыңыз келсе, ең алдымен оның қағидаларын білгеніңіз жөн. Жаттығу барысында жылдамдығыңызды ауыстырып тұрыңыз. Егер 2 минут жай жүрсеңіз, 2 минут тезірек жүруге тырысыңыз, деп жазды massaget.kz. Жаяу жүрудің пайдасын бәрімен бөлісіңіз.
Қозғалыс - бұл өмір. Адам нені жоспарласа да, ол әрқашан өз мақсатына жетуі керек.
Қимыл-қозғалыстың аздығы немесе көлікте ұзақ уақыт отыру аяққа зиян. Адам неғұрлым аз қозғалса, оның күш-қуаты төмендей береді. Тіпті, спорттан алыс адамдар үшін серуендеу күнделікті өмірдің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол тірек-қимыл жүйесін жақсартады. Польшада поляктардың 22%-ы аптасына 10 минут та жүрмейді екен. Бірақ бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді. Жаяу жүргісі келмейтіндер негізінен 40 пен 49 жас аралығындағы адамдар екен.
Фото traveltimes.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через