Захар Бушинов 24 сағатта 153 км жүгірді

Захар Бушинов 24 сағатта 153 км жүгірді
фото: inform.kz

Теміртаулық спортшы Захар Бушинов халықаралық тәуліктік ультрамарафонда жеңіске жетті. Ол 24 сағат ішінде 153 км жүгірді.

Жарыс елордалық «Астана» триатлон-паркінде өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары үш жас санатында қатысты.

Захар Бушинов 18-35 жас аралығындағы топта бірінші орынды иеленді.

Ол А.Молдағұлова атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, 400 және 800 метрге жүгіруде жеңіл атлетикадан халықаралық старттардың жүлдегері және жеңімпазы. Жабық үй-жайларда 4-тен 400 м-ге дейін эстафеталық жүгіруде рекордшы. 2012 жылы әуесқой спортқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo

«Жеңіл атлетикамен 2002 жылдан бері айналысамын. Мен тәуліктік жүгіру туралы бір ай бұрын білдім. Көп дайындалмадым. Марафонды біз Астана саябағында километрлік шеңбермен жүгірдік. Түнде өте қиын болды. Көбісі шыдай алмады және қашықтықтан кетті. Нәтижесінде әр жас санатында үш жүлдегер анықталды. Осындай марафондарға қатысуды жалғастыруды жоспарлап отырмын», – дейді Захар Бушинов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен дипломдар табысталды.

photo