фото: pixabay.com
Тоғыз ай бойы жүрегіміз қатар соққан соң бауыр басып қаласың. Бірақ ол күйеуім екеумізден жаралған бала болмағандықтан, салқынқанды қабылдадық.
Мақпал есімді келіншек қалай суррогат ана болғанын айтты. Тіпті қанша ақша тапқанын жасырмады.
Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасына қонаққа келгенде жайып салды. Оның айтуынша, қазір «құрсағын жалға беретіндер» туралы жарнама көп.
Осыдан екі жыл бұрын дүниеге қыз алып келдім. Ол – менің балам емес, тапсырыс берген адамдардікі. Әйелінің денсаулығы жарамай, жатырын алдырып тастаған. Күйеуім де мені қолдап, аман-есен қыздарын дүниеге әкеліп бердім. Жолдасым жетім өскендіктен, жағдайымыз өте қиын болды. Тұңғышым кішкентай болатын. Бұл қадамға тұрмысымызды дұрыстау үшін бардық. Жатырымды жалға беріп, 3,5 миллион теңге таптым. Сол ақшаны бастапқы жарнаға құйып, пәтер алдық. Ай сайын 150 мың теңге пәтерақысын сол кісілер төлеп тұрды. Ол бізге аз көмек емес, – дейді жас ана.
Ол 9 ай бойы көтерген сәбиді «ата-анасына» тапсырар кезде қиналатынын жа жеткізді.
Босанғаннан кейін баланы бергім келмегені рас. Тоғыз ай бойы жүрегіміз қатар соққасын бауыр басып қаласың. Бірақ ол күйеуім екеумізден жаралған бала болмағандықтан, салқынқанды қабылдадық. Менің құрсағыма дайын пісіп-жетіліп тұрған мұздатқыштағы ұрықты орналастырды. Сондықтан да баланы табыстап, келісілген соманы санап алдық. Менің жатырым тек ұрықтың дамуы үшін пайдаланылған құрал болды. Мұндай жолмен балалы болу дінде де рұқсат етілген. Біз ол туралы да зерттедік. Қыздың әкесімен жақындасып, некесіз қарым-қатынас жасамадық. Егер сондай жағдай болса, ол сөзсіз зина болып есептелер еді. Ал менің жатырыма мұздатылған ұрықты орналастырды, – деді Мақпал есімді бағдарлама қонағы.
SN.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через