Жарылғыш заттар жол бойында шашылып жатыр
Бұл оқиғаның куәгері қарапайым жолаушы. Жаңғыз- Төбе - Аягөз бағытындағы тас жолды жағалай шашылып жатқан салафан қалдықтары мен үйінділер жүргізушіні бей-жай қалдырмайды. Мұны көрген ол көлігімен жол бойына тоқтайды.
-Алыстан қарағанда көлік төңкеріліп қалғандай болды. Көмек қажет болар деп ойладым,-дейді. Алайда оқиға орнында мынадай сорақылықтың куәгері болғанын айтады.
Бұл шамамен Жаңғыз-Төбеден 300 шақырымдай жер. Жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мына төңірек аймандай шашылып жатыр. Жарылғыш заттар салынған бірнеше қап үйіндісі, одан бөлек бұл жерде қорап-қорап бөгде заттар да бар. Қораптың сыртында өндірушінің мекен-жайы көрсетілген. Қалдықтар бір емес, бірнеше жерге үйіліп жиналған. Сондықтан бұл жерге арнайы әкеліп төгілген сияқты.
Жарылғыш затты аптап ыстықта күннің астына неге тастаған. Бұл улы заттардан қоршаған ортаға зиян келмей ме? Оқиға құзырлы мекемелердің құлағына жетеді деген ойдамыз. Өндіруші мекеме бұл жауапсыздықтары үшін заң алдында жауапқа тартылары анық. Құрметті оқырман осындай жағдайдың тосыннан куәгері болсаңыз, оған дәл осы жолаушы сияқты бейжай қарамағаныңыз абзал.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через