Жапония Қазақстанға құрғақшылықты алдын-ала болжайтын құрылғы табыстады

Жапония Қазақстанға құрғақшылықты алдын-ала болжайтын құрылғы табыстады

       БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Жапония Үкіметімен бірлесіп "Қазгидромет" РМК құрғақшылықты болжау мен алдын алудың ұлттық жүйесіне енгізілетін есептеу жабдығын ресми түрде тапсырды.

       Жабдықты ресми тапсыруға Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Досбол Бекмағамбетов, дипмиссия басшысының орынбасары, Қазақстандағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Каната Томохиро мырза, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, "Қазгидромет" РМК Бас директоры Данара Алимбаева, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.

       Жаңа жабдық қолданыстағыға қосымша ретінде жүреді және өңірлік билік пен фермерлік шаруашылықтарды хабардар ету үшін құрғақшылықтың басталуы туралы болжамдар жасауға септігін тигізеді.

       "Қазақстанда митигациямен қатар климаттың өзгеруі сияқты инфрақұрылым мен экономиканы экстремалды ауа райы құбылыстарына дайындау үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жобалармен жұмыс істеу маңызды болып көрінеді. Қазақстандағы БҰҰДБ даму жөніндегі әріптестерімен бірге ел Үкіметіне тұрақты ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздерін енгізу және энергия үнемдеу, табиғи капиталды сақтау және Қазақстанның климат саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы үшін шараларды іске асыруда жүйелі қолдау көрсетуді жалғастырады", - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.

       "Қазгидромет" РМК Бас директоры Данара Алимбаеваның айтуынша, ауыл шаруашылығы экономиканың климатқа тәуелді саласы болып табылады, сондықтан климаттың өзгеруі мен экономикалық тұрақсыздық жағдайында өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына агрометеорологиялық қызмет көрсету ерекше назар аударуға лайық.

       "Соңғы жылдары фермерлер мен уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылатын өнімдердің тізбесін кеңейту мақсатында "Қазгидромет" РМК-да агрометеорологиялық болжамдаудың жаңа модельдері енгізілуде және болжамдаудың, оның ішінде әртараптандыру дақылдары мен құрғақшылықты болжау үшін пайдаланылатын әдістер жетілдірілуде, сонымен қатар біз бас кеңседегі жабдықтармен қоса, мобильдік қолданбаларды енгіземіз, алынған деректерді нақтылау үшін маршруттар бойынша жоспарлы сапарларды жүзеге асырамыз", - деді Данара Алимбаева.

       ERNUR.KZ.