Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай снаряд атқаннан кейін Жапония билігі аймақтағы қауіпсіздікті күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандар жағдайды қатаң бақылауда ұстап тұр. Әзірге снарядтың қай жерге түскені белгісіз. Оның арнайы экономикалық аймаққа түсуі екіталай дейді сарапшылар. Суга Жапония Премьер-Министрі: – Бүгін Солтүстік Корея ұшырған снаряд баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Оның нақты не болғаны зерттеліп жатыр. Мамандар қажетті ақпаратты жинастыруда. Біз кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через