Жапонияда құтқарушылар жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеп жатыр

Жапонияда құтқарушылар жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеп жатыр
фото: global.chinadaily.com.cn

Жапондық құтқарушылар қираған үйлердің астынан жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеп жатыр. Жерасты дүмпулері олардың жұмысына кедергі келтіріп тұр.  

Құтқарушылар синоптиктер болжаған нөсер жауын, көшкін және суық ауа райы басталмай тұрып, Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге жетуге тырысып жатыр. Алайда олардың жұмысына жалғасып жатқан жерасты дүмпулері мен құлаған үйлер кедергі келтіруде.

Исикава префектурасының барлық ауданы қирап қалды. Басқаларында су, жарық, телефон байланысы жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апат 60-тан астам адамның өмірін қиды. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін, өйткені үйінділердің барлығы тексеріліп біткен жоқ.

Шамамен 100 мың адам эвакуацияланды, олардың көпшілігі баспанасыз қалғандар.