Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
фото: Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласында өткен бокс кешінде ойын көрсетті.

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салған жекпе-жекті неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО өткізді. 

Он екі раунд болады деп белгіленген жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Нәтижесінде өзінің жүлделер санын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.

жәнібекФото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

жәнібекФото: Top Rank

Кәсіпқой бокста орта салмақта ойын көрсетеді. Қазірге дейін барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтап келеді.

Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, 2013-2014 жылдары Азия чемпионы болды.

Kazinform