фото: turkystan.kz
Келесі жекпе-жек қазанда өтеді. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қазір мұхиттың арғы жағына жетіп, жаттығу жұмыстарына кірісті. Кәсіпқой боксшы әлеуметтік желідегі парақшасына ағылшын тілінде «Қазанда ыстық болады» деген жазба қалдырды. Бірақ кездесудің нақты қай жерде өтетінін айтпады.
Кезекті қарсыласы да белгісіз. Белгілісі – германиялық Винченцо Гуалтьери не британиялық Феликс Кэш болуы мүмкін. Алғашқысы орта салмақта IBF чемпиондық белдігінің иегері. Бүгінге дейін жеңіліп көрмеген. Кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізді. Ал Феликс Кэш WBO рейтингінде 4-ші тұр. Ол да бүгінге дейін 16 рет жұдырықтасып, 16-сында да жеңіске жеткен. Ал Жәнібек дәл осы тұжырым бойынша чемпиондық белдікті жеңіп алды. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Ол ең соңғы рет биыл мамыр айында жұдырықтасты.
АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Айта кетейік, Жәнібек Винченцоны өзі жекпе-жекке шақырса, Феликс керісінше, Жәнібекпен кездескісі келіп жүр.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через