Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының құны өсті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген сұйық отынның бағасы тоннасына 212 мың теңге деп бекітілген.
Бұл былтырмен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Десе де шаруаларды шығынға ұшыратпас үшін сұйық отын нарықтағы бағадан шамамен 15-30 пайызға арзан сатылады6 дейді вице-министр Әсет Мағауов.
Жалпы жыл басынан бері жерден несібесін тапқан жандар үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлініпті. Министрліктегілер былтырғы жағдай қайталанып тапшылық болмауы үшін тырысып жатқан сыңайлы. Өткен жылғы дизель отыны жетіспеушілігінің өз себебі бар түсіндірді Мағауов. Бәріне кінәлі біздегі арзан баға екен, деп жазды ktk.kz.
Қазақстанда сұйық отынның құны литріне 200 теңге болса, Ресейде 300, Өзбекстанда 350 теңге шамасында. Бұл жағдай алыпсатарларға қол болып, дизелді тонналап шекарадан асыра саудалаған. Энергетика вице-министрі биыл ол олқылықты қайталамас үшін электронды цифрлық жүйенің әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі: - Байланыс деректердің егістік жерлердің жалпы алаңын жанар-жағармайдың қажеттілігін көрсете отырып аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің деректер базасын құру. Отынды тарату үшін электронды ақпаратты жүйені енгізу. Сол арқасында дизель отыны көлемін тікелей бөлу мәселесін пысықтау.
Фото: ortcom.kz, ru.sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через