Жаңаөзенде үйдің бірінші және екінші қабаты арасындағы еден опырылды

Жаңаөзенде үйдің бірінші және екінші қабаты арасындағы еден опырылды
фото: sputnik.kz

Жаңаөзендегі көпқабатты үйлердің бірінде еден опырылып кетті. Оқиға туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Lada.kz.

Бейнежазба авторының айтуынша, еденның опырылу салдарынан адам зардап шеккен. Алайда, Маңғыстау облысының ТЖД бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.

"Бес қабатты көппәтерлі үйдің бірінші және екінші қабаттар арасындағы еден жартылай опырылған. Оқиға 5 маусымда Жаңаөзен қаласының 3 шағын ауданындағы 12-үйде болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

Жаңаөзен қалалық тұрғын үй инспекциясының айтуынша, көпқабатты үйдің бір тұрғыны ғимаратта заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.

"Еденнің жартылай құлауы 1977 жылы салынған" Самал " шағын ауданында орналасқан үйде болды. Үй галерея түрінде салынған, 100 пәтерден тұрады. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Үйге "Бірлестік" ПИК қызмет көрсетеді. Мониторинг барысында бұл үйдегі пәтерлердің 80 пайызы жалға берілетіні анықталды. Тұрғындардың тек 25% ғана коммуналдық қызметтер төлейтіні белгілі болды. Ал құлаған еденді қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр", - деп хабарлады тұрғын үй инспекциясы.

Қазақпарат