Жаңа жылға дейін не істеу керек

Жаңа жылға дейін не істеу керек

Барыс жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Санаулы күндерден соң, жаңа 2023 - қоян жылы төрімізге озады. Бәріміз алдағы күннен жақсылық, қуаныш күтеміз.  Көкейде жүрген арманымыз орындалса екен деп тілейміз. Жаңа жылда өмірімізді жаңа парақтан бастау үшін мынадай кеңестерге құлақ түріп, ескере жүрген артық етпейді деп ойлаймын.

Қарыздан құтылыңыз

Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда қарыз алуға мәжбүрміз. Егер банктен алынған несие болмаса, ақшаны жаңа жылға дейін қайтарған дұрыс, кредитті толық жабуға шамаңыз жетсе, тіпті жақсы. Бұл жаныңызды тыныштандырады.

Үйдегі артық заттарды шығарыңыз

Егер сізде ескі жиһаз немесе қажетсіз киімдер болса, 1 қаңтарға дейін олардан құтылыңыз. Италия тұрғындары сияқты терезеден лақтыру міндетті емес. Жаңа жылға "қоқыссыз" кіріңіз.

Сыйлықтарды алдын ала алыңыз

Жаңа жылға сыйлық алу үшін соңына дейін күтудің қажеті жоқ. Дүкендерде, сауда орталықтарында ұзын-сонар кезекте тұрғыңыз келмесе, бұл істі ертерек қолға алыңыз. Асықпай таңдауға да уақытыңыз болады.

Алдағы жылға мақсаттар тізімін жасаңыз

Мақсатсыз адам болмайды. Көптен армандап жүрген ісіңіз болса, оны ойлап қана қоймай, қағаз бетіне түсіруді ұмытпаңыз.

Мұз айдынына барыңыз

Конькимен сырғанауды кейінге қалдыра бермеңіз. Достарыңызды жинап, қысты көңілді өткізуге тырысыңыз. Мұндай сәттер миыңызға жиналып қалған артық ойлардан арылуға көмектеседі.

Шығындарыңызды реттеңіз

Жаңа жыл - шығындалатын мерекелердің бірі. Үйіңізді безендіруге, сыйлықтар сатып алуға, мерекелік дастархан дайындауға тура келеді, бұл қалтаңызға әсер етпей қоймайды. Сондықтан шығындарыңызды реттеп, алдын ала тізім жасаңыз.

Фото almode.ruboltenkova.ru.