23 мыңнан аса турист жаңажылдық мерекені Қазақстанда қарсы алған.
Мұндай мәліметті eQonaq ақпараттық-сараптамалық жүйесі ұсынды.
26 желтоқсан - 4 қаңтар аралығында қазақстандық қонақ қабылдау мекемелері 23 мыңнан аса турист қабылдаған. Оның 9 мыңы Алматыда және 5,1 мыңы - Астанада.
"Бір қызығы, қонақтарды қабылдаушы үздік өңірлер тізімінде Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар, яғни суық аймақтар кірген", - делінген Tengritravel.kz порталы сауалына жолдаған Kazakh Tourism жауабында.
Туристердің көпшілігі Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алу үшін Ресейден келген - 15 мың адам.
Сондай-ақ, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген саяхатшылар Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через