Жаңа ипотекалық бағдарлама – үкімет қатысушылардың тізімін жариялады

Жаңа ипотекалық бағдарлама – үкімет қатысушылардың тізімін жариялады
фото: sputnik.kz

Үкіметте жаңа ипотекалық бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың тізімін жариялады.

Атырауда өткен құрылтайда президент жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. 4 проценттік ипотека әлеуметтік тұрғыда осал топтарға берілуі шарт. Бүгін үкіметте осы бастамаға қатыса алатын азаматтардың тізімі жарияланды.

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. Ол арқылы 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар беру жоспарланып отыр.

Қатысушылар:

жұмыс істейтін жастар;

жас отбасылар;

тұрғын үй төлемдерін алушылар;

банк салымшылары;

моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары;

ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар;

Жаңа бағдарлама аясында бір жылдың ішінде 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту қарастырылған. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді.

ҚазАқпарат