Жалған құрт-майдан сақ болыңыз

Жалған құрт-майдан сақ болыңыз

       Адам организміне түскен гипс ішкі ағзаларды улап, уақыт өте келе түрлі ауруларға ұшыратады.

Кейбір ардан безген саудагерлер құрт деп гипс қосылған у сатуға көшкен. Желіде базарларда құрт құрамына кәдімгі сылақ ретінде пайдаланатын құрылыс материалы - ГИПС қосылған құрт саудаланып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Онда саудагерлердің кәдімгі айранға тұзды көп салып, кішкене қайнатады да сүзіп алып, артынша қоюлату үшін және тез кебу үшін ақ гипс араластыратыны айтылған.

Базардағы жалған құрт пен жалған сары майдан сақ болыңыз! 

Саудагерлер ақша үшін түрлі қитұрқылық әрекеттер жасай бастады. Әсіресе құрттың сапасы адам шошырлық.

Ең сұмдығы, құрт құрамына кәдімгі сылақ ретінде пайдаланатын құрылыс материалы - ГИПС қоса бастады. Кәдімгі айранға тұзды көп салып, кішкене қайнатады да сүзіп алды. Сосын қоюлату үшін және тез кебу үшін ақ гипс араластырады. Бұндай құрттың сыртын ұстасаңыз, қолыңызға ақ бор болып жұғып тұрады. Адам организміне түскен гипс ішкі ағзаларды улап, уақыт өте келе түрлі ауруларға ұшыратады», - делінген желілерде тарап жатқан ақпаратта. 

Сонымен қатар қолдың сары майы деп сатылып жатқан өнімдерден де сақ болу қажеттілігі айтылған. 

Қолдың сары майына маргарин қосады. Сабадағы қорға не іркітке маргарин майын молырақ салып, азырақ піседі. Сосын қайта алып шығып, іркітін толық арылтпай (табиғи екен десін деп), таза сары майды қосып көбейтіп сатады. Ондай сары майдың түсі бір жерінде ақшыл, бір жерінде сарғыш болып құбылып тұрады. Яғни, толық араласып кетуі қиын. Осыдан анықтауға болады.

Skifnews.kz