Жайлы мектеп балаларға жайлы бола ма?

Жайлы мектеп балаларға жайлы бола ма?

Елімізде тұңғыш рет «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр.

Ұлттық жобада көрсетілген жоспарда 2025 жылға дейін Қазақстан бойынша 401 жаңа мектеп салу қарастырылып отыр. Бұл заманға сай мектептер 842.000 оқушы қабылдай алады, осылайша үшінші ауысымнан толығымен құтылуға мүмкіндік береді. Мектептер республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады.

Жобаның жалпы бюджеті 2,6 трлн теңгеге бағаланған.

Ұлттық жоба құрылысының дирекциясы – Samruk-Kazyna Construction компаниясы.  Мердігерлерге қатаң талаптар қойылмақ. Жобаларды бағалау кезінде Қазақстандағы қолданыстағы стандарттар, Үкімет бекіткен техникалық тапсырма, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибе ескерілмек.

«Өзекті мәселе» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.

Сұхбат тақырыбына осы жайлы мектеп жобасы арқау болды.

Фото Alataynews.kz