Биыл Қазақстанның көп аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асады. Аптап ыстықта ыстықтан қорғану үлкен мәселеге айналады. Әрі мұндай кезде адамдардың денсаулығы да нашарлауы мүмкін. Бөлмедегі желдеткіш тек жылы ауаны айналдырса, кондиционер әр үйде бола бермейді. Сондықтан ыстықтан қорғану үшін 10 кеңесті ұсынамыз.
Ең жылдам және қарапайым әдіс – бөлмеге жарық түсірмеу. Пердемен немесе көтерме пердешелер арқылы терезелерді жабу керек. Бұл бөлмедегі температураны бірнеше градусқа төмендетеді.
Фольга да бөлмені жоғары температурадан қорғай алады. Бұл үшін 5 немесе 6 метр бума сатып алып, терезенің ішкі жағынан жабыстыру керек. Мұндай әдіс терезе күн көп түсетін оңтүстік жақта орналасса тиімді болады.
Бөлмені түнде желдеткен абзал. Күндіз терезені ашу жағдайды ушықтырады және бөлмедегі температураны бірнеше градусқа көтереді.
Бөлмені ылғалдандыру керек. Тек ылғалды тазалау жұмыстарын ғана емес, мұз бен ылғалды орамалды пайдалану қажет. Сонымен қатар электронды ылғалдағыш пен пульверизатор қолданған жөн.
Егер желдеткішті дұрыс орналастырса, пайдасы көбірек болады. Мәселен, кейбірі желдеткішті өзіне қаратып орналастырады. Бірақ желдеткіш жиһазға қарап тұрғаны жөн. Ал жиһаз жылы ауаны сіңіреді. Желдеткіш алдына тек мұз емес, су құйылған бөтелке қоюға да болады.
Суық су ішуге кеңес берілмейді. Ағза жоғалған ыстықтың орнын толтыру үшін ыси түседі. Сондықтан ыстық шәй немесе жылы су ішу керек.
Ыстық күндері жеміс-жидек жеген жөн. Сонымен қатар қант, майлы, тұзды өнімдерді тұтынуды азайту керек.
Ылғалдың орнын толтыру үшін көп су ішу керек. Әрі тәтті сусындар ішпеу керек, бұл қаттырақ шөлдетеді. Шөлді басу үшін лимон қосылған су немесе көк шәй жетеді.
Күн сәулесінің тура түсуінен сақтаныңыз. Ол тері үшін зиян, себебі тез қараюына әсер етіп, онкологиялық дерт пайда болуы мүмкін.
Ең қарапайым және тиімді әдіс – жиі душ қабылдау. Алдымен жылы су, сосын суық су құю керек. Мұны бірнеше рет қайталаған абзал. Бұл тек жүрек-қан тамыры жүйесін жақсартып қана қоймай, ыстық күнде сергітеді
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через