Ыстықкөл түбінен 10,4 тонна қоқыс шығарылды

Ыстықкөл түбінен 10,4 тонна қоқыс шығарылды
фото: ЭкоМиР

       Ыстықкөл көлінің түбінен 115 күн ішінде 10 тонна 405 кг қоқыс шығарылды. 

       Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сүңгуірлер Президент Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша көлді тазарту жұмыстарына кіріскен.

       Қазіргі уақытта көл түбін тазарту жұмыстары Қара Ой ауылы, Шолпан ата қаласында жүргізіліп жатыр. Бірнеше пансионат тұсындағы көлдің түбі, сауықтыру орталығы мен шығанақ қоқыстан тазартылды.

       17 шілдеге қарай көлдің түбінен 97 мың 600 метр балық аулау торы мен 10 тонна 405 кг қоқыс шығарылды. Барлығы 215 мың га аумақ тазартылған.

       Baq.kz