Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті

Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті
фото: https://sputnik.kz

Ойын соншалықты қызу болғандықтан, алаңда мұз еріді деуге болады. Спортшылар судан шығарылғанша төреші ойынды тоқтатты

Екі хоккейші – германиялық "Лангенталдың" қорғаушысы Тайлер Хиггинс пен швейцариялық "Сиерренің" шабуылшысы Арно Монтандон ойын қызған шақта мұз астына түсіп кетті. Оқиға Швейцария хоккей лигасының ойыны кезінде болды, деп хабарлайды Le Matin.

Басылымның хабарлауынша, 14-минутта шайба "шайқас" кезінде Тайлер Хиггинс пен Арно Монтандон мұзды тазалағаннан кейін суды төгетін шұңқырға түсіп кетті. Хоккейшілер оған жақындаған кезде тосқауыл есіктері ашылып, спортшылар мұз астына түсіп кетті. Оларды төрешілер мен өзге ойыншылар шығарып алды.

Есіктің қаншалықты дұрыс жабылғаны тергеуден кейін анықталады.

Бұл оқиғадан кейін матч жалғасып, 3:2 есебімен "Лангенталь" пайдасына аяқталды.



Мәтіндегі ақпарат туралы