Мысырлық археологтар Хеопс пирамидасының тағы бір құпиясын ашты.
Заманауи технологиялардың көмегімен ғалымдар перғауынның сағанасында осы уақытқа дейін белгісіз болып келген дәліздің барын анықтады. Оның ұзындығы 9 метр. ал ені 2 метрден асады. Археологтар әзірге бұл құрылыстың қандай мақсатта қолданылғанын білмейді. Десе де, жасырын дәліздің көмегімен жаңалыққа қол жеткізетіндеріне сенімді. Себебі әлемдегі ең ірі пирамиданың құпиясы әлі күнге дейін толығымен ашылмаған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через