фото: https://sputnik.kz
Халал өнімдерден шошқа еті анықталды
Бұл өнімдер Ресей Федерациясының түрлі кәсіпорындарында дайындалған.
Қазақстан дүкендерінде сатылатын Ресей Федерациясынан жеткізілген "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтары мен сиыр еті консервісінде шошқа ДНҚ-сы анықталды, деп хабарлады республиканың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы.
Наурызда халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын алған.
Тексеру барысындда сиыр еті консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы көрсетілген сипаттамаларына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Оларды атап айтсақ, мыналар: "Мұсыман" жартылай ысталған шұжық (өндіруші ИП Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Стандарт" Қорған ет комбинаты" ЖШС, Ресей, Қорған қаласы); "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орлов облысы).
Сонымен қатар "Түскі асқа арналған шошқа еті" консервісінде тауық ДНҚ-сы анықталды (дайындаушы "Селятино" ет өңдеу комбинаты, Ресей, Мәскеу облысы).
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты осы аталған азық-түлік көрсетілген сипаттамасына сәйкес келмейтін өнімдер тізіміне енгізілді.
Ұлттық сараптама орталығы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалауда көп қателік жібереді және өнім этикеткада көрсетілген сипаттамалларға сәйкес келмейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через