Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

             Қазақстан елшілігі Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасында литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.

             Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға Сеймнің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері мен қазақстандық студенттер қатысты. Кітаптан литвалық оқырман қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздік үшін күресі туралы біле алады. ҚР Елшісі Виктор Темірбаев бұл іс-шара Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.


Ақпарат дереккөзі