фото: https://rtvi.mirtesen.ru/
Вьетнамдағы ең бай әйелдердің бірі Труонг Май Лан алаяқтық ісі бойынша өлім жазасына кесілді.
Ол 11 жыл бойы елдегі ең ірі банктердің бірін алдап, 12,5 млрд долларды қолды қылған. Мұндай алаяқтық ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Оның әрекетінен келген шығын көлемі 27 млрд долларға бағаланып отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, даулы іске байланысты 2700 адам сотқа шақырылып, 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан. Айғақ заттар салмағы 6 тонна болатын 104 жәшікке салынған. Труонг Май Лан-мен бірге тағы 85 адам сотқа тартылып, үкімін күтіп жатыр.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через