фото: sputnik.kz
Елордадағы "Вашингтон" және "Дублин" тұрғын үй кешендерінің үлескерлері өз пәтерлерін алады.
"Құрылыс компаниясымен келісімшарт жасасқан азаматтардың мүддесі сақталады, әркім өз пәтерін алады", - деді Астана әкімдігіндегілер.
Ведомстводағылар "Дублин" тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілгенін атап өтті. Айтматов пен Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер телімі жылу магистралін салуға арналған.
"Осыған байланысты ол жерде құрылыс тоқтатылды. Тұрғызылған құрылыс нысандары құлатылып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
"Вашингтон" тұрғын үй кешенінің (G-park) құрылысын жүргізген компанияға заңбұзушылықтарды жою және барлық қажетті рұқсаттарды рәсімдеу тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін сот "Вашингтон" және "Дублин" көппәтерлі тұрғын үй кешендерін бұзу туралы шешім шығарды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через