Василий Жиров АҚШ-тағы салтанатты шараға ұлттық шапанмен келді

Василий Жиров АҚШ-тағы салтанатты шараға ұлттық шапанмен келді
фото: Instagram парақшасынан

Василий Жиров АҚШ-тағы салтанатты шараға ұлттық шапанмен келді

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы және Атланта олимпиадасының жеңімпазы Василий Жиров АҚШ-та өткен салтанатты шараға қазақтың ұлттық киімін киіп келді.

Аризона штатының ұлттық гвардиясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың орнауына 30 жыл толуына орай Финикс қаласында аталған жиын өткен болатын. Оған даңқты боксшы да қонақ ретінде шақырылған. Қазір Жиров дәл осы штатта тұрып жатыр.

Экс-чемпионы мерейтойлық шараға шапан киіп келіп, Қазақстаннан келген өнерпаздарға қолдау көрсеткен. Атап айтқанда, «Тұран» тобы мен Әйгерім Алтынбек америкалықтардың алдында ән салды.

Василий Жиров 1991-1996 жылдары бокстан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол 1993-1995 жылдары өткен әлем чемпионатының және 1994 жылы Хиросимада жалауы желбіреген Азия Ойындарының қола жүлдегері, 1995 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында 81 келіде топ жарып, Вел Баркер кубогына ие болды. Ол бокстан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы.

ҚазАқпарат