фото: pixabay.com
Америкалық әуекомпаниясы Нью-Йорктен Лос-Анджелес қаласына және Ұлыбритания астанасы пен Лондонға иттерге арналған чартерлік бағыттар ашты. Бұл тураплы "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі хабарлайды.
Иттер иелерімен бірге толыққанды жолаушы қатарына қосылады. Оларға сапар барысында тәттілер, жастықтар, тыныштандыратын феромондары бар көрпелер, тіпті ойын алаңы ұсынылады. Бұл туралы Bark Air компаниясының Instagram парақшасында айтылған.
Әзірге 4 аяқты жолаушылар үшін тек екі бағыт бар: ұшақ Нью-Йорктен Лос-Анджелеске немесе Лондонға ұшады.
Бір жақты Билет алты мыңнан сегіз мың АҚШ доллар мөлшерінде тұрады. Осы бағаға төрт аяқты хайуан мен оның иесіне бірінші дәрежелі қызмет алады.
Ұшып-қону алдында иттерге құлақтың бітелуін жеңілдететін арнайы сусын беріледі. Сондай – ақ, салонда баяу музыка ойнайды, ал стюардтар лаванда мен феромон иісі бар жылы әрі сергітетін сүлгілерді алып жүреді-бұл жануарлар шығаратын табиғи химиялық заттарды имитациялайтын хош иістер.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через