Елімізде ұнның бөлшек саудадағы бағасы жыл ішінде бірден 45 пайызға жуық қымбаттап кетті.
Еnergyprom.kz дерегінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 2,3 млн тонна ұн өндірілді.
Өндірістің жартысынан көбі Қостанай (784,1 мың тонна) мен Солтүстік Қазақстан (243,7 мың тонна) облыстарына, сонымен қатар Шымкент қаласына (197,6 мың тонна) тиесілі.
Еліміздің ұн тартатын кәсіпорындары ішкі нарықты өніммен толықтай қамтамасыз етіп отыр.
2021 жылдың қазанымен салыстырғанда ішкі нарықта тұтынушыларға арналған ұнның бағасы44,3 пайызға қымбаттады.
Өткен айда жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі 369 теңге, бірінші сұрыпты үн 245 теңге болды.
Қазақстан қалалары арасында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат Астанада (1 келісі 447 теңге), Ақтауда (411) және Шымкентте (406), ал ең арзаны Ақтөбеде (279 теңге), Павлодарда (292), Жезқазғанда (296) және Семейде (296) тіркелген.
Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісіне ең жоғары баға Ақтауда (335 теңге), Алматыда (306) және Астанада (298), ең төмені Петропавлда (145 теңге), Қарағандыда (184) және Павлодарда (186) белгіленді.
Фото: traveltimes.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через