Британдық кафелер, барлар мен мейрамханалардың үштен бірінен астамы соңғы үш айда жұмыс уақытын қысқартты. Бұл электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалып отыр.
Ұлыбританиядағы тамақтану орындарының шамамен 6%-ы аптасына екі күн жұмыс істемейді, 7%-ы бір күн ғана жұмыс істейді, ал 21%-ы жұмыс уақытын қысқартты.
Тұтастай алғанда, энергия шығындары биыл Ұлыбританиядағы барлық кәсіпорынды тығырыққа тіреді. Энергия бағасын басты мәселе деп есептейтіндердің үлесі ақпан айының соңында 15%-дан сәуірде 21%-ға дейін өсті және содан бері осы деңгейде.
Ұлыбританиядағы тұтыну бағаларының индексі қыркүйек айында жылдық мәнде 10,1%-ға өсті. Инфляция негізінен электр энергиясының, газдың және басқа да отынның қымбаттауына, сондай-ақ азық-түлік пен көлік шығындарына байланысты артты.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: eatdrinkcheap.com.au.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через