фото: pixabay.com
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде үш боксшымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Алдымен 60 келі салмақта ширек финалда Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балохты еш қиындықсыз жеңіп, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, 71 келіде Дархан Дүйсебай әзербайжандық Наби Искандаровты сүріндіріп, жартылай финалға шықты.
Ал Бекзат Таңатар (86 келі) өзбекстандық тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловты қапы қалдырды. Нәтижесінде енді ол жартылай финалда бақ сынайды.
Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде алты қазақстандық спортшының екеуі ғана жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі) қарсыластарын орта жолда қалдырды.
Ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через