Ақмола облысына 40 мың этникалық казақ көшіп келді. Атамекенге қоныс аударғандардың тең жартысы Моңголияның қаракөздері.
Қазір аймақтағы қандастар жергілікті халықпен біте қайнасып, тіршілік етіп жатыр. Солардың бірі Нұрымбетовтер отбасы. Былтыр Өзбекстаннан қоныс аударған олар Щучинск қаласында тұрады. Қандастарға мемлекет тарапынан тиісті қолдау шаралары көрсетілді. Осы күнге дейін Ақмола облысында 252 адам қандас мәртебесін алған. Ал биыл 270-іне квота беріледі.
Клара Нұрымбетова, Щучинск қаласының тұрғыны:
- Ата қонысымызға келдік. Еш қиындық болған жоқ. Өзбекстанда 63-64 жыл жасадық. Балалар осы жерде. Мына кісі 5 ағайынды. Төртеуі осы жерде. Сосын бізде көшіп келдік. Мемлекет тарапынан қандастарға квота бар екен ғой. Біздер қазір қандас бір жылдың көлемінде. Сондықтан бізге әрқайсымызға 221 мың теңгеден қаржы берілді.
Данияр Бөтенбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:
- Биылдан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі көрсетіледі. Яғни қоныс аударған бір отбасыға 4 млн. теңге бөлінеді. Ол қаржыға олар үйдің алғашқы жарнасын төлеп немесе үй салуға мүмкіндік алады. Биыл облыс бойынша осындай әлеуметтік көмек 80 отбасыға көрсетіледі. Жергілікті қазынадан оған 320 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы жылы Түркіменстан елінен 157 отбасы көшіп келеді деп жоспарланып отыр.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/603941-a-mola-oblysyna-40-my-etnikaly-kaza-k-ship-keldi
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/603941-a-mola-oblysyna-40-my-etnikaly-kaza-k-ship-keldi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через