Үлкен Алматы көліне апаратын жол жабылды

Үлкен Алматы көліне апаратын жол жабылды
фото: bing.com

Алматылықтарға  Үлкен Алматы көліне көлікпен баруға тағы да тыйым салынды, - деп хабарлайды Standard.kz порталы "ҚазАвтоЖол"баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір айдан аса уақыт бойы қалалықтар мен Алматы келген қонақтар, туристер  Үлкен Алматы көліне автокөлік жолы ашылғалы саяхаттап жүр еді. Алайда көрнекі орынға көлікпен бағандарына қуанса, демалушылар келіп кеткеннен кейін қалатын қоқыс жайлы әлеуметтік желіде пікір  жазғандар да болды. Осыдан кейін қала билігі ойлана келіп, атақты көлге апаратын жалғыз жолды жапқан сыңайлы. Енді тұрғындар жаяу немесе велосипедпен ғана бара алады.

"Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Салынған тыйым тек қызметтік көліктерге қолданылмайды.Оларға өз міндеттерін орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен). Олар:

?Ұлттық саябақ қызметі,
?шекара заставасы,
?"Космостанция" ғылыми базасы,
?метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер,
?Алматы қаласының туризм басқармасы.

ҮАК-де неге тыйым салынған?

 Үлкен Алматы көліне баруды жоспарламас бұрын, экскурсия кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болмау жағын ойлаған, осы су айдынында өзін-өзі ұстау туралы қарапайым ережелерін білген жөн. Сонымен, ҮАК-де не істеуге болмайды:

?көл суында жүзуге; 

?жағаға тым жақындауға;

?суға түсіп, шомылуға;

?от жағу және пикник өткізуге. 

Бұл әркім білуі керек ең маңызды ережелер. 

Үлкен Алматы көлінің қалыптасу тарихы

Ғалымдардың пайымдауынша, ол кезекті жер сілкінісі нәтижесінде таудан көшкін түсіп, табиғи бөгет пайда болған кезде қалыптасқан. Көшкін шатқалды жауып тастап, нәтижесінде пайда болған бассейн еріген мұздықтың суына біртіндеп толады. Геологтардың айтуынша, бұл шамамен екі мың жыл бұрын болған.