Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляцияны төмендету

Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляцияны төмендету

       ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі бизнес өкілдерін тауар тасымалының логистикасын қайта қарау туралы айтты.

       «Ірі кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасындағы үлесі – 48%. Сондықтан бұл сегменттің жауапкершілігі де зор. Үкімет бизнестің, оның ішінде ірі бизнестің де дамуына қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шараларды қабылдайды.

        Жаһанды жайлаған дағдарыстан кейінгі біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен саясаты осы мақсатқа бағытталады», - деді ол Президенттің ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде.

       Оның айтуына қарағанда, қазір Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляция деңгейін төмендету.

       «Бірінші кезекте, ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіру, ішкі нарықты азық-түлікпен толықтыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр. Мезгіларалық кезеңде инфляция қысымы мен сыртқы факторлардың әсерін төмендету үшін тиісті логистика жүйесін құру өте маңызды.

       Ірі кәсіпкерлерді осы жұмысқа қатысуға шақырамыз.

       Үкімет ірі бизнес өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын екенін айтқым келеді», - деді Премьер-Министр.

       Ақпарат дереккөзі