Үйге шырша орнатқан кезде қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керек

Үйге шырша орнатқан кезде қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керек

Мамандар үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Жаңа жыл жақындаған сайын құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.

Өйткені жыл сайын 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында үйлерде өрт шығуы жиілеп кетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Шырша мен әшекейлер өте тез тұтанады. Өрт кезінде негізгі зақымдаушы фактор - одан шығатын түтін.

«Шыршаны қауіпсіздігіне көзіңіз жетпеген құрылғылармен безендірмеуге кеңес береміз. Жанған кезде шыршадан өте улы заттар бөлінеді. Шырша жылыту құрылғыларынан алыс жерге орнатылуы қажет. Оны жарықтандыру үшін тек зауытта жасалған сапалы электр гирляндаларын пайдаланған жөн. Шыршаны мақтадан, қағаздан және целлулоидтан жасалған ойыншықтармен безендіруге болмайды. Шыршаның жанына майшам жағып қоймаңыз», - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Қауіпсіздіктің ең маңызды ережесі - гирлянданы түнде немесе үйде ешкім жоқ уақытта қосып қалдырмау.

Фото: every-holiday.ru