Құрылыс және тұрғын үй

Бөлісу

Үйдің құны мембағдарлама бекіткен бағамен сәйкес келмейді

  Үйдің құны мембағдарлама бекіткен бағамен сәйкес келмейді

   Сенатор Бекболат Орынбеков Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мәселелері мен тұрғын үй секторында туындап отырған мәселелерге тоқталды. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Жамбыл облысында 37 037 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, оның 26 ​​841-і халықтың әлеуметтік осал топтарынан. Кезекте тұрғандардың саны осындай көп болғандықтан, сенатор құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысына қызығушылығының төмендеуіне алаңдаулы.

   Бүгінде тұрғын үй салу кезінде қалыптасып отырған негізгі проблема, ол – нарықтағы материалдың бағасы. 2020 жылмен салыстырғанда 2022 жылы орта есеппен 1,8 есеге дейін өсіп, сметадағы құннан әлде қайда жоғары болып отыр. Осыған байланысты мердігерлер тарапынан тұрғын үй құрылысына қызығушылығы төмендеді. Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық – сметалық құжаттамалар бойынша және қайталама нарықтағы пәтерлердің 1 шаршы метрдің орташа құны – 294 мың теңге бұл мемлекеттік бағдарламада бекітілген 160 мың теңге құнымен сәйкес келмейді, - деді сенатор.

   Осыған байланысты депутат Жамбыл облысында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру қағидаттарын қайта қарауды және облыстағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнын 220 000 теңгеге дейін көтеруді, сондай-ақ құрылыс компанияларына аванс төлеуді ұсынып отыр. 

   Ақпарат дереккөзі

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через