15 жыл үй мен дастарханды безендірумен айналысатын отандық дизайнер Жанат Шакаман қазақ халының қонақ күтудегі дайындығына тоқталды.
"Әр жылы әртүрлі етіп үйін әрлеп, сәнді қуатындар өте сирек, тіпті жоқтың қасы. Қазақ халқының басты ерекшелігі: қонақ отыратын бөлме мен қонақ күтетін столды ғана ерекше безендіреді", - дейді Жанат Шакаман.
"Тұрғындар перделер мен дастархандарға жиі тапсырыс береді. Осыдан он жыл бұрын барқыт, сары алтын матадан үйді безендіру сәнге айналған. Бахрома мен моншақтармен безендіретін. Қазір керісінше бірыңғай түсті көп таңдайды. Еуропалық үлгіні қалайтындар көп", - дейді ол.
Соңғы бес жылда дастархан алуда халықтың талғамы өскен.
"Адамдар дастархандарға тапсырыс бергенде үйдегі перде мен интерьерге сай таңдайды. Кестеленген, моншақталған дастархан жаймаларына сұраныс өте көп. Соңғы үш жылда ранерге сұраныс өте жоғары. Ранер дегеніміз столдың бетіне жайылатын жіңішке мата. Оған сай ыдыстардың астына төсеніштер, сүлгілер мен оған кигізетін моншақты сақиналарға деген сұраныс күннен-күнге артып бара жатыр", - дейді дизайнер.
Маманның айтуынша, сәнге айналып жатқан дастархан бетіне жабылатын жылтыр жаймаларға биылғы 2023 жылы сұраныс тіпті артқан. Өйткені қазақстандықтар қазір оюлы-әшекейлі үстелдерді алуға құмар. Ал мұндай жаймалар сондай үстелдердің әдемілігін жасырмай көрсетіп тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через