фото: nu.edu.kz
Ақтаулық талапкер Алматыдағы ЖОО-ға құжат тапсырғысы келсе, жергілікті уинверистет арқылы құжаттарын жолдай алады. Ол үшін Алматыға арнайы барудың қажеті жоқ. 2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев шалғай өңірлердегі талапкерлерге осындай кеңес берді.
«Осы жерде мына маңызды нәрсені айта кетсем, құжаттарды кез-келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн немесе жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ, вице-министр грант конкурсына құжат қабылдау 7 күн бойы жүретінін ескертті.
«Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар, құжаттарын дәстүрлі форматта – офлайн тапсырғысы келетіндер үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмыс істейді», - деді Қуаныш Ерғалиев.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото nu.edu.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через