фото: pexels.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тесттілеуге жаңа өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ережелерге екі тармақ қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе "Қазақ тілі" ҰБТ арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі.
Түйіндей келе, "НЗМ" ДББҰ түлектерінің оқыту нәтижелерінің сыртқы бағасын айырбастау бөлігінде және "Қазақ тілі" бейіндік пәндерінің бірі ретінде таңдаған қазақ тілін меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар үшін ҰБТ балдарын түсушінің қалауы бойынша жетілдіру көзделеді.
Құжат 15 сәуірге дейін кеңінен талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через