Түркияда жер сілкінісінен 2 мыңға жуық бала жетім қалған

Түркияда жер сілкінісінен 2 мыңға жуық бала жетім қалған

       Жетім балалар қазір мемлекет қамқорлығында.

 

       Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан 1858 бала жетім қалған. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи мәлімдеді.

       Астанадағы Түркия елшілігі брифингте 213 баланың құжаттары әлі табылмағанын жеткізді.

       Ресми деректерге сәйкес 1858 жетім баланың 1645-і құжаттары табылып, жеке бастары анықталды. 1314-і туыстарымен байланыса алды. Алайда әлі 213 баланың құжаттарын таба алмай отырмыз, – деді елші.
Жетім балалар қазір мемлекет қамқорлығында. Ал туыстары бар балалар жақындарына беріледі. Қазір мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.

       Елші көптеген адамдар жер сілкінісі салдарынан жақындарынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші атанғысы келетінін айтты.

       Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Егер табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады, – деп түйіндеді Экичи.

       turkystan.kz