Түркияда құтқарушылар жоғалған қазақстандықтарды іздеп жатыр

Түркияда құтқарушылар жоғалған қазақстандықтарды іздеп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтарды іздестіріп жатыр.

«Біздің дипломаттар жоғалған қазақстандықтардың туыстарынан соңғы мекенжайын білген соң, дереу түрік билігіне жүгінді. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия ІІМ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, құтқарушылар тобын жіберді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйдің орны тексеріліп жатыр. Әзірге олар тек Сабина Мамедьярованы ғана тапты. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттерді де табады деп үміттенеміз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ең алдымен Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті. Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген еді.

Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 8 574 адам қаза тапты, зардап шеккендердің саны 49 133-тен асады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото news.sky.comedition.cnn.commiddleeasteye.net