Түркияның 10 провинциясында Әділет министрлігінің тапсырмасымен Жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды.
Жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар үшін 131 күдікті анықталды, оның біреуі қамауға алынды, тағы 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді. Түркияның вице-президенті Фуат Октай.
Бұған дейін Түркияның апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 80 278 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Оқиға орындарында кемінде 218 406 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Апта басында Кахраманмараш провинциясында болған 7,7 және 7,6 балдық зілзала дүмпулері Адана, Адияман, Диярбакыр, Газиантеп, Хатай, Килис, Малатия, Османие және Шанлыурфа сияқты 10 провинцияда және көршілес Сирия мен Ливанда сезілді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото crimea.ria.ru, Twitter
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через