Түркияда 6 млн үй жануарының 25%-не чип тағылды

Түркияда 6 млн үй жануарының 25%-не чип тағылды

       Үй жануарларын ерекше құрметтейтін Түркияда 6 млн-нан астам үй жануары бар.

       Оның 4 миллионы мысық болса, қалған 2 млн-ға жуығы - ит. Оларды бағып қағудың ережелері қандай және бір айға қанша қаражат кетеді.

       Түркияның кез келген жеріне барсаңыз көшелерде жай барақат жатқан ит пен мысықты жиі кездестіруге болады. Тұрғындар да оларға әбден үйренген. Тіпті ірі қалалардағы қоғамдық көліктерде жүрген иттерді көрсеңіз таң қалмайсыз. Анадолы жерінде үй жануарын ұстау ережесі қатаңдатылды. 1 қаңтардан бастап төртаяқтысын чиптемеген иесіне 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

       Елде үй жануарын асыраушылардың 19% мысықты таңдаса, 6% итті баптайды екен. Соңғы жылдарда төртаяқтыларға кететін қаражат та едәуір артқан.

       Ахмет Сачылык, Pet shop иесі:

       - Елдегі инфляция мен шет елден келетін өнімдердің бағасы әлдеқайда артқандықтан үй жануарларының қай- қайсысын асырау бұрынғыдай оңай емес. Кішкентай бір мысықты баптаудың өзі мың лирадан басталады. Жануардың түрі мен үлкендігіне қарай бұл баға өзгереді. Әрине, төртаяқтыларды да қалтасы көтеретіндердің асырайтынын айта кеткен жөн. Мұстафа Бичер. Мемлекеттік қызметкер. Бес жылдан бері үйінде ит асырайды. Төртаяқтыға ыңғайлы болуы үшін арнайы үлкен үй жалдаған.

        Мұстафа Бичер, ит асыраушы:

       - Итім - менің ең адал досым. Онсыз өмірді елестете алмаймын. Айына кем дегенде 200 доллар шамасындай қаражат кетеді. Екпелері бөлек. Соған орай табысыңды жоғарлатуға тырысасың. Алайда, оның маған сыйлаған бақыты ешқандай ақшамен өлшенбейді.

       Туризм елінде төртаяқтыларға арналған қонақүйлер баршылық. Бағалары да әртүрлі. Соңғы жылдарда жануарлар текстильін шетелге экспорттау да едәуір артқан.


      Ақпарат дереккөзі
 

 

Түркияда 6 млн үй жануарының 25%-не чип тағылды 11:06, 24.01.2023 9 Үй жануарларын ерекше құрметтейтін Түркияда 6 млн-нан астам үй жануары бар. Оның 4 миллионы мысық болса, қалған 2 млн-ға жуығы - ит. Оларды бағып қағудың ережелері қандай және бір айға қанша қаражат кетеді. Түркияның кез келген жеріне барсаңыз көшелерде жай барақат жатқан ит пен мысықты жиі кездестіруге болады. Тұрғындар да оларға әбден үйренген. Тіпті ірі қалалардағы қоғамдық көліктерде жүрген иттерді көрсеңіз таң қалмайсыз. Анадолы жерінде үй жануарын ұстау ережесі қатаңдатылды. 1 қаңтардан бастап төртаяқтысын чиптемеген иесіне 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Елде үй жануарын асыраушылардың 19% мысықты таңдаса, 6% итті баптайды екен. Соңғы жылдарда төртаяқтыларға кететін қаражат та едәуір артқан. Ахмет Сачылык, Pet shop иесі: - Елдегі инфляция мен шет елден келетін өнімдердің бағасы әлдеқайда артқандықтан үй жануарларының қай- қайсысын асырау бұрынғыдай оңай емес. Кішкентай бір мысықты баптаудың өзі мың лирадан басталады. Жануардың түрі мен үлкендігіне қарай бұл баға өзгереді. Әрине, төртаяқтыларды да қалтасы көтеретіндердің асырайтынын айта кеткен жөн. Мұстафа Бичер. Мемлекеттік қызметкер. Бес жылдан бері үйінде ит асырайды. Төртаяқтыға ыңғайлы болуы үшін арнайы үлкен үй жалдаған. Мұстафа Бичер, ит асыраушы: - Итім - менің ең адал досым. Онсыз өмірді елестете алмаймын. Айына кем дегенде 200 доллар шамасындай қаражат кетеді. Екпелері бөлек. Соған орай табысыңды жоғарлатуға тырысасың. Алайда, оның маған сыйлаған бақыты ешқандай ақшамен өлшенбейді. Туризм елінде төртаяқтыларға арналған қонақүйлер баршылық. Бағалары да әртүрлі. Соңғы жылдарда жануарлар текстильін шетелге экспорттау да едәуір артқан. #Түркия #үй жануарлары #чип #Хабар 24 Сондай-ақ... 24 қаңтар 2023 жыл - 13:00 жаңалықтар топтамасы Қауіпті саудагер: елордада есірткі сатушы ұсталды | Кезекші бөлім Универсиаданың күміс жүлдегері Сергей Ткаченко елге оралды Жапония үкіметі 1 сәуірден бастап COVID-19 вирусын маусымдық тұмау санатына енгізбек | Баспасөз Сербия Президенті Косовомен қарым-қатынасты түзетуді ұсынды

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/583598-t-rkiyada-6-mln-j-zhanuaryny-25-ne-chip-ta-yldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz